Шымкентте «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсауы кесілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында» Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай дайындаған «Бауырлас ел» деректі фильмінің салтанатты тұсаукесері өтті. 

Фильмді тамашалауға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев және зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ассамблея мүшелері және жастар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.null 

ҚР Президенті телерадио кешенінің көмегімен және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы бірлесе дайындаған 20 минуттық деректі фильмде түбі бір туысқан қазақ-өзбек халықтарының тәуелсіздік жылдарындағы жаңа деңгейі баяндалады. Бұл туындыда Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаев пен Өзбекстан республикасының Президенті Ш. Мирзиёевтың кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтар, бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі көрсетіледі.  Фильмнің таныстырылымында сөз алған Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев достыққа адал, бірлікке бекем қазақ халқына ризашылықтарын білдіріп, барша өзбекстандықтардың ақеділ алғысын жеткізді.  Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов пен Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов жаңа фильмнің маңызына тоқталып, өзара мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастықты одан әрі нығайту жайын сөз етті.null 

Айта кету керек, бүгінде Өзбекстанда 800 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Ал Қазақстандағы өзбек этносы өкілдерінің саны 550 мыңға жуықтайды. Жүзеге асып жатқан игі бастамалар екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетіндігіне сенім мол.

null 

Соңғы жаңалықтар