Шымкентте бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент мектептерінде бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріле бастады.

Осыған дейін бір мезгіл тегін ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Бұл мүмкіндік қаладағы мемлекеттік білім беру ордасындағы – 88 657, жекеменшік мектептердегі 12 500 бастауыш сынып оқушысына берілді. Сонымен қатар мемлекеттік білім ұяларындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін 28 367 жоғары сынып оқушысы тегін тамақтануда.

Мектеп асханаларының ас мәзірі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі арқылы арнайы талаптар сақтала отырып, қалалық білім басқармасымен жасақталып ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар