+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шымкентте бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

2021 жылғы 22 қазан 18:24
Бөлісіңіз:
Шымкентте бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша карантин шектеулеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО стационарларында ем алып жатқан 325 сырқат оттегіге тәуелді Әлем жаңа штамның қаупін бағалап отыр Коронавирустың жаңа штамы әлемдік қаржы нарығына едәуір әсер етті

Құжат бойынша, жұмыс уақыты демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, Ashyq көшбасшыларының жұмыс уақыты сағат 03.00-ге дейін деп белгіленді. Бірақ ол үшін қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы шарт.

«Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебенің» болуы және жұмыс режимін шектеу туралы талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль вокзалдарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО - ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - деп жазылған жаңа қаулыда .

Қаулының тағы бір тармағы бойынша Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс күндеріндегі қызмет көрсету уақыты демалыс күндеріндегі режиммен теңестірілетіні айтылған.

Ал түнгі клубтардың қызметі ішінара ғана шектелмек. Нақтырақ айтсақ, Ashyq жобасына қатысатын түнгі клубтардың қызметкерлер мен келушілерінде «жасыл мәртебе» болған жағдайда жүктелім 50%-ға дейін немесе70 орыннан асырмай жұмыс істеуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT