Шымкентте «Бас қалам - Нұр-Сұлтан» акциясы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте «Бас қалам - Нұр-Сұлтан» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арбатта өткен шараға 10 мыңға жуық адам қатысты. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған акцияда жиналған көпшілік Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке əбден лайық екенін тағы бір рет ортаға салды.

«Бүгінде Елбасымыздың көреген де сарабдал саясатының арқасында жаңа тәуелсіз мемлекет құрылып, табысты жетістіктерге жетті. Шын мəнінде Қазақ елін барша әлем танып отыр. Мәңгілік еліміздің жүрегі саналатын Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне толық негіз бар, әрі келешек ұрпаққа үлкен мәртебе деп білеміз» дейді олар.

null

Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, "Өркен" отбасылық квинтеті, Еркін Нұржанов пен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетті.



nullnull

Соңғы жаңалықтар