Шымкентте банк басшысы салымшылардың ақшасын алып, қашып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте  алаяқтық қылмысына қатысы бар деген 45 жастағы күдікті  іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1973 жылы туған Көлбаев Нұржан Бауыржанұлына іздеу жарияланды. Тергеу барысында белгілі болғаны сезікті  қаладағы банктердің бірінің филиал төрағасы лауазымын атқарған. Осы қызметін пайдаланып, салымшылардың ақшаларын алаяқтық жолмен иемденіп кетіпті. Сөйтіп белгісіз бағытқа бой тасалаған. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің  190-бабы  4-бөлімі «Алаяқтық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
null 

Полицейлер Нұржан Көлбаевтың іздеу бойынша барлық жедел-іздестіру іс-шараларын қолға алған. Сезіктіні  ұстау үшін облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы және  Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы  Әл-Фараби полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылуда.

Күдіктінің белгілері: бойы 170 см, орта бойлы, шашы қара, көзі қара. Ерекше белгілері жоқ. Полиция қызметкерлері Көлбаев Нұржан Бауржанұлы туралы ақпарат білсе 8(7252)97-60-09, 8 777 6123244 немесе «102» телефондарына хабарласуларын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар