+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 39-ға жетті: Төртеуі ауыр халде

2018 жылғы 30 наурыз 14:13
Бөлісіңіз:
Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 39-ға жетті: Төртеуі ауыр халде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте балмұздақ жегеннен кейін жаппай улану фактілері тіркелуде. Кешеден бері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлығы да балмұздақты қаладағы бір орыннан сатып алған.

null

null

«Ауруханаға кеше үш бала мен үш ересек науқас түсті. Түнде тағы 20 адам жеткізілді. Барлығына "өткір ішек инфекциясы" диагнозы қойылып отыр. Олардың барлығы балмұздақ жегенін айтуда. Ең кішісі 5 жаста», - дейді Ғалымжан Айнабеков.
null

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше науқастар саны сағат сайын өсіп отыр. Қазіргі таңда олардың саны 39 адамға жеткен.
null

Фото: kveller.com

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT