+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Шымкентте баласын ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды

2018 жылғы 23 қазан 13:52
Бөлісіңіз:
Шымкентте баласын ұрып-соққан әйелге қатысты тергеу басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жұмыспен қамту орталығының әжетханасында белгісіз әйел баласын ұрып-соққан. Қазір бүлдіршінге күш көрсеткен әйелдің тұлғасы анықталып жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, әжетхана ішінде баласын жерге жатқызып қойып жылатқан әйелдің видеосы Инстаграм әлеуметтік желісінде таралды. Онда киініп тұрған әйел қасындағы адамдарға ауыр сөздер айтып, дөрекілік танытқан. Бұл көріністі желіге жариялаған қолданушы: «Бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып, теуіп жатқан əйелдің балаға араша түскен адамдарға айтқан сөзі...», деп жазба қалдырған.

Оқиғаға байланысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Полиция қызметкерлері тексеру жұрмыстарын жүргізуде. Әзірге, оқиғаның кеше Жұмыспен қамту орталығында болғаны анықталып отыр. Әйелдің тұлғасы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеуден соң беріледі», - деді Әсел Сәденова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT