Шымкентте баласын ұрған әйелдің ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте өз баласын аяусыз ұрған әйелдің ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы деректерге қарағанда, әлеуметтік желілерде анасының өз баласына қатыгездік жасағаны туралы бейнежазба тараған. Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Бейнежазбада көрсетілген әйел анықталып, одан түсініктеме алынды. Полиция қызметкерлері және Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Қазіргі таңда орын алған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген материалда.

Соңғы жаңалықтар