Шымкентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің жұмыспен қамту орталығында өзінің баласын аяусыз сабаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Инстаграмм желісінде жарияланған видеодағы көрініс негізінде, кәмелетке толмаған балаға күш қолданылу мүмкіндігіне байланысты ҚР ҚК-нің 140 бабы «Кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру бойынша міндеттерін орындамау» негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осыған дейін, Жұмыспен қамту орталығының әжетханасында әйел адамның баласына жерге лақтырып жіберіп, аяғымен тепкендігі туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар әйел өзін тоқтатпақ болғандарға дөрекі сөздер айтқан.

Соңғы жаңалықтар