Шымкентте балалардың жаппай улану себебі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттегі №54 орта мектеп оқушыларының жаппай улану себебі анықталды. Мұны бүгін Үкімет отырысынан кейін еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға орнында жүргізілген тексеру жұмыстары барысында балалардың бас айналу, құсу және қысқа уақытта естен тану белгілерімен ауруханаға түскен. Барлығы да ауырлықтың жеңіл деңгейімен түскен. Бастапқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін детоксикациялық терапия жүргізіліп, бас ауруы дәрімен жаздырылды. Қатты алаңдаған ата-аналармен психологиялық жұмыстар жүргізілді», - деді ол.

Бас санитар дәрігердің дерегінше, медициналық көмекке 45 адам, оның ішінде 41 мектеп оқушысы мен 4 ересек адам жүгінген. Детоксикациялық терапия жүргізіліп, ата-аналарына психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін барлығы үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған бала жоқ.

«Бұл жағдайға мектептен 600 метр қашықтықта орналасқан тарату стансасынан табиғи газдың шығуы себеп болған. Шымкенттің газ қызметі газдың таралуын дер кезнде жойды. Сараптама орталығымыздың мамандары стансаның және мектептің аумағында зиянды заттардың болуына бақылау зерттеу жүргізді. Зиянды зат табылған жоқ», - деді Жандарбек Бекшин.

Соңғы жаңалықтар