Шымкентте бала сататыны жөнінде жарнама берген тұрғын іздестірілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «бала сатамын» деп жарнама берген тұрғын іздестірілуде. Мұндай мәтіндегі жазбаларды ол «Вконтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәби саудалауға қатысты жарнаманы алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған. Сөйтіп полицияға хабарласып, анықтауды сұраған.

«13 қазанда полицияға азаматтар хабарласып, осы оқиға туралы айтты. Бұл жөнінде шұғыл шаралар жүргізіліп, жарнама берген адам іздестірілуде. Алайда ол адам артынша аккаунтын өшіріп тастауына байланысты аты-жөні әлі анықталмады. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша Қылмысты кодекстің 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеудің құпиялығына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова. 

Соңғы жаңалықтар