Шымкентте «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ерекше кездесу өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында жаңа форматтағы интерактивтік кездесу өтті. «Жастар ресурстық орталығы» өткен басқосу қалалық соттың «Отбасылық сот» пилоттық жобасының аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Пәрменов пен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, қалалық, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы және қала жастары қатысты. Шарада Мұхтар Пәрменов ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен республикамыздың 4 облысында отбасылық құқықтарды қорғауға бағытталған «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске қосылғанын атап өтті.

«Бұл жобаның міндеті - отбасы жанжалдарының себептерін анықтап, сот процесінің барлық сатысында дауласушы тараптармен татуластыру шараларын жүргізу, отбасы құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Бүгінде Еңбекші аудандық сотының базасында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жарты жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан осы жоба қазіргі уақытта тиімділігін көрсете бастады», - деді алқа төрағасы.

Басқосуда Еңбекші аудандық сотының судьясы Әсем Қапарбекова да статистикалық мәліметтерге тоқталды.
null

«2019 жылдың 1-тоқсанында неке және отбасы қатынастарына қатысты 251 талап арыз түсіп, оның 73-і бойынша некені бұзу туралы сот шешім қабылданған, 37 талап арыз бойынша тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылған. Ал 9 талап арыз қараусыз қалдырылған. 146 талап арыз бойынша судья және психологпен алдын ала әңгімелесу жүргізілді. Яғни, сотта қаралған істердің жартысынан астамы бойынша тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылған»,- деді судья.

Кездесу барысында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы «Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады? Жақсы жар болу үшін қандай қарекет қылу керек? Ер мен әйелдің отбасындағы орны қайсы?» деген сынды сұрақтарды жастармен талқылап, барлығының негізі ұлттық бірегейлікте екенін айтып өтті. Ұлттық құндылықтар негізінде отбасы құруға және жанұяны ешқашан бұзбауға шақырды. Болашақ шаңырақ иелеріне қазақи тәрбиенің маңызын түсіндіріп, бәсекеге қабілетті мемлекет берік отбасыдан басталатынын айтты.

null null null

Соңғы жаңалықтар