Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автомашина өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автомашина өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«15 шілдеде 01.14-те автомобильдерге арналған айып тұрағы  аумағында  «КамАЗ» көлігі өртеніп, салдарынан жалын маңындағы өзге жеңіл машиналарды және оған жақын орналасқан жиһаз чехын шарпыған.  Өрт 02. 13-те ауыздықталып, 03. 05-те толықтай сөндірілді», делінген хабарламада.

Өрт салдарынан 35 автомобиль жанып кетті.

Ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 76 өрт сөндіру және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар