+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Шымкентте әйелін өлтірген экс-прокурорға сот үкімі шықты

2018 жылғы 19 қараша 18:29
Бөлісіңіз:
Шымкентте әйелін өлтірген экс-прокурорға сот үкімі шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте әйелін өлтірген бұрынғы прокурорға сот үкімі шықты. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алты айға созылған сот отырыс кезінде барлық куәгерлерден жауаптар алынып, айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан. Судья Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, ауыр қылмыс жасауға ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған.

«Сотқа дейінгі тергеу органы алғашқыда айыпталушыны Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі 9-тармағы «Бұзақылық ниетпен адам өлтіру» бойынша кінәлі деп тапқан. Алайда сот бұл айыппен келіспей, 99-бабының 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша үкім шығарды. Айыпталушы енді жазасын 11 жыл қауіпсіздігі қатаң түрдегі түрмеде өтейді»,- дейді Әбинұр Қарабаев.

Айта кетейік, бұрынғы прокурор ағымдағы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында әйелін пышақтап кеткен болатын. Тергеу барысында оның жанжалдасып қалған әйелін туған күнімен құттықтап, татуласуға келгені белгілі болған еді. Алайда келіншегі күйеуін кешірмей, тағы ұрысқан. Осыдан кейін айыпталушы өзімен бірге ала келген пышақпен әйелін өлтіріп кеткен. Сотқа қатысқан прокурор әріптесін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Марқұм болған әйелдің артында үш баласы қалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT