Шымкентте әйелін өлтірген экс-прокурорға сот үкімі шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте әйелін өлтірген бұрынғы прокурорға сот үкімі шықты. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алты айға созылған сот отырыс кезінде барлық куәгерлерден жауаптар алынып, айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан. Судья Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, ауыр қылмыс жасауға ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған.

«Сотқа дейінгі тергеу органы алғашқыда айыпталушыны Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі 9-тармағы «Бұзақылық ниетпен адам өлтіру» бойынша кінәлі деп тапқан. Алайда сот бұл айыппен  келіспей, 99-бабының 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша үкім шығарды. Айыпталушы енді жазасын 11 жыл қауіпсіздігі қатаң түрдегі түрмеде өтейді»,- дейді Әбинұр Қарабаев. 

Айта кетейік, бұрынғы прокурор ағымдағы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында әйелін пышақтап кеткен болатын. Тергеу барысында оның жанжалдасып қалған әйелін туған күнімен құттықтап, татуласуға келгені белгілі болған еді. Алайда келіншегі күйеуін кешірмей, тағы ұрысқан. Осыдан кейін айыпталушы өзімен бірге ала келген пышақпен әйелін өлтіріп кеткен. Сотқа қатысқан прокурор әріптесін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Марқұм болған әйелдің артында үш баласы қалды.

Соңғы жаңалықтар