Шымкентте аялдамаларда айғайлайтын кондукторларға шара қолданылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкент аялдамаларында автобус бағытын айғайлап хабарлайтын кондукторларға шара қолданылатын болады.

Бұл туралы бүгін арнайы рейд жүргізген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығы мәлімдеді. Себебі, қоғамдық көліктер тоқтайтын орындарда дауыс көтеруге тыйым салынғанына қарамастан, кондукторлар аялдаманы айғайлап хабарлау әдетін тоқтатпай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 
null  

Қала көшелерінде рейд жүргізген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері дауыс көтерген кондукторларды бейнекамераға және суретке түсіріп алды. Алдағы екі апта көлемінде анықталған кемшіліктер бойынша шара қолдану үшін материалдар жолаушыларды тасымалдау компанияларына жолданатын  болады.

«Кондукторларды босату біздің құзыретімізге жатпайды. Сондықтан жинақталған материалдарды біз жергілікті компанияларға жібереміз. Жұмыстан босатады ма, әлде басқалай шара қолданады ма - оны өздері шешеді. Әзірге анықтағанымыз, кондукторлар бұрынғыдай айғайлай бермейді. Мәселен, 30 автобустың тек біреуінде ғана осындай жағдайлар кездесті»,- дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары.
null  

Сондай-ақ сала мамандары қоғамдық көліктерде тазалық талаптары сақталмайтынын, ондағы жазулар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлері көрінбейтінін анықтаған. Ал кейбір жүргізушілер автобустарға тыйым салынған сигналдар қойып алған. Енді заңбұзушылыққа жол бергендерге қатысты да күрес күшейтілмек. 
null  

Соңғы жаңалықтар