Шымкентте аялдамадағыларды көлік қақты: 8 адам зардап шегіп, 1 бала қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте апат салдарынан 8 адам зардап шегіп, бір бала қаза тапты.

ОҚО-да бүгін күндіз 5 бала облыстық балалар ауруханасына түсті. Бас дәрігердің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, олардың үшеуі тексерілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Екі бала ауруханада қалды. «8 жастағы ер бала ми жарақатын алған, оны жансақтау бөліміне жатқыздық. 6 жастағы қыз баланың миы шайқалған. Қазір балалардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда», - деді Б. Нұсқабаев.

Тағы бір бала ауыр жағдайда қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Екі ересек адам жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Біреуі үйіне қайтарылып, екіншісі жансақтау бөлімінде.

Бір бала оқиға орнында көз жұмды. Куәлердің айтуынша, аялдамада тұрған адамдарды шетелдік көлік басып өткен. Жүргізуші ұсталды. Сот алды тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар