Шымкентте аялдамада төбелес шығарған автобус жүргізушілері жазаланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында сағат 8:50 шамасында Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аялдамада №93 және №19 маршруттық автобустардың жүргізушілері жолды бөле алмай тоқтап, қозғалысқа кедергі жасаған, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан кейін жолаушылардың алдында төбелесіп қалған. Бірнеше минуттан кейін жүргізушілер тынышталып, кетуді ұйғарған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл оқиғаға дереу әрекет етіп, шара қабылдады. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ернар Қошанов 2 сағат ішінде жүргізушілерді анықтап, тірек пунктіне жеткізді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.

Соңғы жаңалықтар