Шымкентте автобус қағып кеткеннен көз жұмғандар саны бес адамға жетті

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте басқарылмайтын автобус қағып кеткен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Жансақтау шараларына қарамастан, тағы бір адам алған жарақатынан көз жұмды. Осылайша, құрбандар саны 5 адамға жетті. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Тағы бір 18 жастағы қыз қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегуші нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты.

Еске салайық, сенбі, сәуірдің 8-і күні Бәйтереков-Назарбеков көшелерінің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус бөктермен төмен қарай жүріп кетіп, қатты жылдамдықпен 6 адамды қағып кеткен болатын. Үш адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада көз жүмды. Бір бойжеткен аман қалды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.


Соңғы жаңалықтар