Шымкентте автобус ғимаратқа соқтығысып қалды

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бағыттағы автобус ғимаратқа соқтығысып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

103 бағыттағы автобус Түркістан көшесінде жол жиегіне шығып кетіп, ғимараттардың бірін қиратқан.  Бірақ қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Көлік жүргізушісінің сөзінше, оқыс оқиға  орын алғанға дейін автобустың жылу жүйесі істен шығып қалыпты. Дереу сақтық шараларын қолға алып, ол жолаушыларды түгелдей аялдамаға түсірген. Сөйтіп жөндеу бекетіне бара жатқан тұста тежегіштер істен шығады. Осыдан кейін жүргізуші адамдар жоқ жердегі ғимаратқа соғып, автобусты өздігінше тоқтатқан. 

Қазір оқыс оқиға бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Жүргізушінің әркеттері сараланып, қоғамдық көлік айып тұрағына жеткізілді.  

Айта кетейік, соңғы кезде шым шаһарда қоғамдық көліктермен болған жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. 2 ақпан күні  Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында №93 бағыттағы автобус пен №77 бағыттағы қоғамдық көлік соқтығысып, салдарынан бірнеше жолаушылар зардап шеккен еді. 

Соңғы жаңалықтар