Шымкентте аурухананың 3-қабатынан секіріп кеткен науқас көз жұмды

Фото:
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкенттік тұрғын аурухананың 3 қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға №1 қалалық клиникалық ауруханада болған. Түнгі сағат 23:10 шамасында пациент белгісіз себептермен үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

«Науқастың алған жарақатының ауырлығына байланысты аман алып қалу мүмкін болмады. Оқыс жағдай бойынша Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар