Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Шымкентте ауладағы құдыққа түсіп кеткен бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр

2017 жылғы 3 қараша 14:48 123
Бөлісіңіз:
Шымкентте ауладағы құдыққа түсіп кеткен бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте ауладағы құдыққа түсіп кеткен бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр күйінде қалып отыр. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болат Нұсқабаевтың айтуынша, 1 жас 8 айлық Бексұлтан Сейіт қазір жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Лас суды мөлшерден тыс жұтып қойған баланың өкпесі істемегендіктен, жасанды демалу аппаратына қосылыпты. Дәрігерлер әзірге қандайда ба бір болжам айту қиындау деп отыр. Себебі, бүлдіршіннің беті бері қарамай, өте ауыр күйінде қалып отыр екен. Енді тек күтеміз дегенді айтады.

Айта кетейік, келеңсіз жағдай қаланың Жоғары Отырар шағын ауданында болған. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген Бексұлтан  тал түсте жылу құбырлары тартылған құдыққа түсіп кеткен. Нәтижесінде 1,5 метр тереңдіктегі суда біршама уақыт тұншыққан. Қалдық суға тұншыққан сәби қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Жергілікті тұрғындар болса «Қуатжылу орталығына» қарасты құдыққа осымен төртінші баланың түсіп кеткенін айтады. Осы мәселені айтып олар құзырлы мекемелерге арызданғанымен, нәтиже шықпапты. Тек кезекті рет бала құлап, өлім аузында жатқан соң ғана шұңқырды жауап кетіпті. Соған қарамастан көпқабатты үйдің тұрғындары Бас прокуратураға дейін  хат жазып, әкімдік пен коммуналдық қызметтерді тексертеміз деп бекініп отыр. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT