Шымкентте ата-аналардың республикалық конференциясы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Мейірімді алақан» II республикалық ата-аналар конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Шымкент қаласы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы мен «Bi Жұлдызай» корпоративтік қорынының қолдауымен және Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелер қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылды.



«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында өткен шараға мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен ҚР Білім және ғылым министрлiгiнiң, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ қайырымдылықпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкiлдерi де қатысты. Шымкентте алғаш рет өткізілген жиында қала әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов сөз сөйлеп, бастаманың маңыздылығын атап өттi. Сонымен қатар шара барысында ата-аналарды, табысты еңбек етiп жүрген ҮЕҰ өкiлдерiн арнайы алғыс хаттармен және дипломдармен марапаттады.



«Маңызды ic-шараға бәрiмiз атсалысуымыз қажет. Бұл - үлкен бастама. Алайда, қоғам тарапынан әлi де жеткiлiктi көңiл бөлiнбей келедi. Бұл бағыттағы кез келген бастаманы қолдаймыз. Жұмыстарыңызға сәттiлiк тiлеймiн», - дедi қала әкiмi.

Конференцияда жас ұрпақты әлеуметтендiру мен рухани, моральдық және позитивтi ойлауды қалыптастыру, ол үшін үкiметтiк емес ұйым мүшелерi мен ата-аналардың күш-жiгерiн бiрiктiру мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, шара аясында қалада «Асыл бала» зияткерлік-инклюзивтік орталығы ашылды.

Соңғы жаңалықтар