Шымкентте әскери қызметшілерге пәтер кілті табысталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылар күніне орай баспаналы болғандар 19 адам - 6506 «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінің қызметшілері. Олар қаладағы «Тұран» шағынауданында тұрғызылған су жаңа тұрғын үйлерге қоныстанды, деп жазады Отырар.кз.

Жаңа пәтердің иесі - Гүлжан. Ол бұл қоныс тойды 5 жыл асыға күтті. 5 жылға жуық әскерде медбикелік қызмет атқарып, кәсіби мерекесіне орай баспаналы болды. 3-бөлмелі пәтерге қол жеткізген бойжеткен қуанышын жасыра алмады. Енді әріптестерімен тек қызметтес емес, көрші болмақ.

6506 әскери бөлімінің медициналық бөлім басшысы, аға лейтенант Гүлжан Қуатова: «Бүгін мен үшін қуанышты күн. Қанша жылғы арманыма қол жеткіздім. Баспаналы болдым. Бұл мен үшін түлкен қуаныш», - дейді.

Қарулы күштердің құрылу күніне орай Гүлжанмен бірге 19 әскери баспаналы болды. Олар пәтерге тұрғын үй төлемдерін алушылар кезегі арқылы қол жеткізген.

ТҮҚЖБ-і филиалы директорының орынбасары Қуатбек Қоспанов: «Бұл жерде пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызбен. Алғашқы жарнасы 15 пайыздан жоғары. Несие максималды 19 жылға берілді», - дейді.

Айта кету керек, әскери қызметкерлер бұл жеңілдетілген несиеге қалталары жұқармайды. Дәлірегі, мемлекет ай сайынғы жалақыларынан бөлек, үй ақысын да өтеп отырады екен.

Облыс бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінде 7 500 адам бар. Биыл дәл осы «Тұран» шағынауданында 500 адамға пәтер қарулы күштер қызметкерлеріне үлестіріледі деп жоспарлануда.

null

Соңғы жаңалықтар