Шымкентте «Арнольдо киари» синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық клиникалық балалар аурухасында алғаш рет «Арнольдо Киари» синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар науқасқа диагностикалық тексеру жүргізіп, дертін дер кезінде нақтылай білген. Жасөспірімінің өмірін аман алып қалу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. Жоспарлы операция сегіз сағатқа созылып, хирургтар науқастың миындағы ауытқуды хирургиялық жолмен емдеді. Нәтижесінде жеткіншектің ақыл-есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді.

«Арнольдо Киари» синдромның асқынуы науқасты шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін. Дерттің жалғыз емі уақтылы жасалған операция ғана екені бүгінге дейін ғылыми түрде дәлелденген. Операция барысында науқастың басының шүйде аймағының сүйегі дөңгелетіп кесіп алынды. Бірінші мойын омыртқасын алдық. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз - мишықты бос жатқызу. Мишықты босату арқылы синдромды емдейміз», -дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Самат Көкшібаев.

Күрделі отадан кейін науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер бүгін жасөспірімді жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.

Айта кетейік, Шымкентте мұндай ота түрі алғаш рет жасалып отыр. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберілетін. Енді балалардың мұндай күрделі операциясын Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері жасайды.


Соңғы жаңалықтар