Шымкентте ара шағып алған автобус жүргізушісі жол жиегіндегі кедергіге соғылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдап келе жатып, жол жиегіндегі кедергіге соғысқан.

Бұл оқиғаға кішкентай бал арасы себеп болыпты. Яғни, ара шағып алғандықтан жүргізушінің жүрегі қысылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оқиға 22 сәуір күні, сағат 10:30 шамасында болған. Т.Рысқұлов – Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында Түркістан транспорттық компаниясына қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге (бордюр) соғысқан.

Жауапты сала өкілдері шұғыл оқиғаның мән-жайын анықтады. Яғни, 72 бағыттағы автобус жүргізушісін сол сәтте ара шағып, аталған азамат уақытша есінен танып, рульге ие бола алмай қалған. Оқыс оқиғадан автобус салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ. Ал, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты.


Соңғы жаңалықтар