Шымкентте Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы 2014 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Шымкентте белгілі суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты жеке көрмесін өткізуге ұйытқы болып отыр.

Бұл туралы ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Әлеуметтік тақырыптарға арналған графикалық суреттер көрмесіне автордың 50-ге жуық туындысы қойылмақ. Аңсаған Құрманғазықызының көрмесі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында ашылады деп жоспарлануда. Аңсаған Мұстафаның туындылары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де танымалдыққа ие. Қазақ жастарына арнап салынған суреттері түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс көркемсурет шеберлерінің ыстық ықыласына бөленіп, әлемге тарады. Кейбір суреттері фейсбуктің Латын Америка сегментінде, жергілікті ең танымал әртістердің рейтингісінен асып түскен. Бүгінде Еуроодақ елдері мен Жапонияда тарайтын журналдар өз беттерінде А.Мұстафаның қолынан шыққан суреттерді қайта басуға рұқсат алып отыр.

Соңғы жаңалықтар