Шымкентте анасы мен екі баласын өлтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте анасы мен екі баласын өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті. Енді үш адамның өліміне себепкер айыпталушының  ісі Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған соттың үйлестіруші судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, 28 жастағы күдіктіге Қылмыстық кодекстің 192 бабы 2 бөлігі 4 тармағы («Қарақшылық») және 99  бабы 2-ші бөлігі  1-8-14  тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айып тағылып отыр. Оған қатысты алғашқы сот тыңдауы  ертең, 24 мамырда өтеді деп белгіленіп отыр.

Айта кетейік, жаға ұстатар қылмыстық оқиға ағымдағы жылдың 8 ақпан күні болған еді. Шымкенттегі жеке үйлердің бірінен 50 жастағы әйел мен 22 және 13 жастағы ұлдарының мәйіттері табылған болатын.  Тергеу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті Тараз қаласынан ұсталды. Кейіннен сезіктінің марқұм болған 22 жастағы жігітпен таныс болғаны оны және анасы мен інісін  ақша үшін өлтіргені анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар