Шымкентте ана мен бала өз пәтерінде уланып қала жаздады

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өрт сөндірушілер ана мен баланы уланудан сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт сөндірушілер 1979 жылғы әйелді және оның 3 жасар баласын қауіпсіз жерге шығарды. Алдын ала болжам бойынша әйел адам масаң күйде болып, ұйықтап қалған. Баланың жылаған дауысын естіген көршілер есігін қаққан. Ешкім жауап бермеген соң, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған», - дейді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Оқиға Еңбекші ауданындағы 17-шағын ауданда орналасқан көпқабатты үйде болған. Өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы көк түтін толған пәтерге саты арқылы кіреді. Анықталғанындай, ас бөлмедегі газ плита сөндірілмей қалған.

Құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Фото: Скрин из видео/facebook.com/shymkentqalasynyn.tjd


Соңғы жаңалықтар