Шымкентте алкоголь жасайтын астыртын цехтан 3 мың шөлмек арақ тәркіленді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркасын пайдалана отырып, контрафакт алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехты әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкоголь өндіруге арналған аппарат, контрафакт есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелке табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды.

Тәркіленген контрафакт алкоголь өнімі жойылуға жатады.


Соңғы жаңалықтар