Шымкентте Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте  1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Қаладағы салтанат сарайында ұйымдастырылған шара 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен басталып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Мерекелік кездесуде өткен ғасырда қазақ жеріне  күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды.
null  

Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.

«Қадірлі жерлестер! Кешірім - адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту - берекелі бірліктің бастауы болмақ. 1 наурыз - бұл ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне ортақ сый-құрмет көрсететін күні. Осы сәтті пайдалана отырып, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», - деген аймақ басшысы.
null  

Сонымен қатар, жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық құрамының мүшесі, облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочорошвили сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғысын білдірді. 

Іс-шарада кезінде тағдыр тәлкегімен қазақ еліне келген барша этностардың қоныстануы туралы тарихи мәліметтер арқау болған «Бауырмал ел - Қазақстан!» тақырыбында театрландырылған-сахналық қойылым көрсетіліп, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған, қазіргі кезде алыс және жақын шет елдерде тұратын бірқатар  азаматтардың тілек-ниеттері топтастырылған «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнежолдауы жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік шара  елдегі ынтымақ пен бірлікті  дәріптейтін  концерттік бағдарламаға ұласты. 
null  

Соңғы жаңалықтар