Шымкентте алғашқы Қазақстан - Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алғашқы Қазақстан - Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Бұл шара Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылының жабылуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын екі елдің кәсіпкерлері бас қосқан бизнес-форуммен басталды. Бұған UNESCO кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат пен Дүниежүзілік туристік ұйымның Жібек жолын дамыту жобасының жетекшісі (ЮНВТО) Алла Пересолова, Travel Hunter (РФ) компаниясы бас директорының орынбасары Маргарита Полоник және экотуризм ақпараттық-ресурстық орталығының мүшесі Дагмар Шрайбер қатысты.

Сонымен қатар Жібек жолы мемлекеттері бизнес қауымдастығының өкілдері де арнайы келді. Форумда тараптар туризм саласындағы жыл бойғы жемісті ынтымақтастығын қорытындылады. Қатысушылар панельдік сессияларда Жібек жолы бойындағы мемлекеттерінің өзара серіктестігін, Орталық-Азия аймағының Ресей мен Еуропа елдері нарықтарында турөнімдерді насихаттау мәселелерін талқылап, саланы дамыту жөніндегі шаралар жайын пысықтады.

Сондай-ақ, Өзбекстанның Жібек жолы жобасы аясында туризмді дамыту тәжірибелері ортаға салынды. ОААЭЫ (ЦАРЭС) бағдарламасының өңірлік консультанты, Қазақстандағы Азия даму банкінің өкілі туризм саласында өңіраралық жобаларды дамытудың негізі ретінде Орталық Азиядағы экономикалық дәліз жобаcын баяндап өтті. null

Форумның қорытынды бөлімінде Жібек жолы бойынша Жаңа трансшекаралық тур (Қазақстан - Қырғызстан - Өзбекстан - Тәжікстан)  таныстырылады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар