Шымкентте алғаш рет жамбы атудан Азия кубогы өтіп жатыр

None
Фото: «Жамбы ату» ұлттық спорт түрінің федерациясы» РҚБ баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамын мерекелеу аясында және ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында алғаш рет жамбы атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жамбы атудан» ұлттық федерацияға сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа Иордания, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Қазақстаннан үздік ат садақшылары келді.

Азия кубогын Жамбы ату республикалық федерациясы, Шымкент қаласының әкімдігі мен Спорт басқармасы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, сондай-ақ Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы ұйымдастырады.

Азия кубогының бас демеушілері – «Alageum Electric» қазақстандық электротехникалық холдингі және «Электромонтаж» АҚ («ЭЛМО»).

Жамбы атудан Азия кубогының салтанатты ашылуы 20 наурызда Шымкент қаласының ипподромында өтті. Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Азия Кубогына ат үстінде садақ атудан атақты спортшылар – Мустафа Эниз Юрдакок (Түркия), Джанг Ли (Қытай), қазақстандық спортшылар Сарыбай Айтбек, Айкөз Ералхан, Бабажан Бақдәулет, Абзал Төлібеков, және белгілі садақшы-қыздар - Анна Сакольска (Польша), Любовь Морока (Иран) белсене қатысып жүр.

Айта кетейік, «Жамбы ату» ұлттық спорт түрінің федерациясы 2004 жылы Қазақстанда құрылған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.


Соңғы жаңалықтар