Шымкентте алғаш рет электрондық коммерция орталығы ашылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте электрондық коммерцияны дамыту ісі қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазпочта» АҚ және «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумы түзілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморандум аясында қаланың алғашқы электрондық коммерция орталығы ашылады. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімдігінің 2019-2021 жылдарға арналған жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде атқарылып отыр.

Бұл жоспарда электрондық коммерцияны дамытуға ерекше назар аударылған. Мысалы, әзірленген қолдау шараларының бірі - Қазақстан мен Өзбекстан бойынша Шымкент интернет-дүкендерінің тауарларын жеткізуге жұмсалатын шығындарды өтеу. Тауарларды «Қазпошта» АҚ жеткізеді. Сонымен қатар, бір терезе қағидасы бойынша бизнес үшін бірыңғай қызмет супермаркетін ашу қарастырылған.

Құрылған «Бизнес-супермаркет» аумағында «Қазпошта» АҚ-мен бірлескен электрондық коммерция орталығы құрылады. Бұл - Шымкенттегі ең алғашқы осындай орталық. Онда е-commerce саласында алғашқы қадамын жасайтын кәсіпкерлер қайтарымсыз негізде оқытудан өтеді және меншікті сауда интернет-алаңдарын әзірлеуде, халықаралық сауданы жүзеге асыруда әдістемелік көмек ала алады.

Көрсетілген қолдау шаралары Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл оңтүстік өңірінің электрондық коммерциясын дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

null

Соңғы жаңалықтар