Шымкентте әлеуметтік жаңа автобус бағыттары ашылмақ

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында әлеуметтік жаңа автобус бағыттары ашылмақ. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше бұл шара қала аумағына жаңадан қосылған елдімекендерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

- Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қала аумағы үш есеге дерлік ұлғайып отыр. Облыс орталығы аумағына жаңа 40 елдімекен қосылды. Сол себептен де, қаланың шалғай мекендерін қоғамдық көлік қызметімен қамту жұмыстары өзекті болып тар, - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев.

Өз кезегінде, бөлім тарапынан бұл мәселенің жедел шешімі ретінде он әлеуметтік жаңа бағытты ашу ұсынылуда. Алдағы уақытта аталмыш жоба облыс мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібінде қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар