+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді

2019 жылғы 11 желтоқсан 23:08
Бөлісіңіз:
Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік 1045 дәрігер келер жылы білімін жетілдіретін болады.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл 2,4 млрд теңгеге жаңа медициналық қондырғы алынады ШҚО-да үш жыл ішінде 8 студенттер жатақханасы салынады СҚО-да үш балабақшада қазақтілді топтар жабыла ма? - Білім басқармасының жауабы

Қала әкімі Ерлан Айтаханов мәслихаттың кезекті отырысында медициналық қызметтердің сапасын арттырып, дәрігерлер біліктіліктерін көтеру үшін 2020 жылы бюджеттен 186, 9 млн теңге қаражат бағытталатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында шаһар басшысы сондай-ақ, 2020 жылы 150 орындық оңалту орталығы салынатынын атап өтті.

Бұл орталықтарда бір мезетте 150 азаматқа ем-дом көрсетіледі деп жоспарлануда. Бқдан өзге мүмкіндігі шектеулі жандарды курорттық емделуге жолдауға, міндетті гигиеналық және сурдо-тифло, протез құралдарымен қамтамасыз етуге, қоларба сатып алуға 3609 млн теңге қаралып отыр. Ал, «Асыл жүрек» ардагерлерді сауықтыру орталығының филиалдары келесі жылы қаланың басқа аумақтарында да ашылады деп жоспарланған.

2020-2022 жылдары 10 мектеп және 20 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады. Қаржының 85 пайызы инвестор есебінен, 15 пайызы «Шымкент» ӘКК арқылы қайтарымды түрде бюджеттен қаралған. Сондай-ақ, медицина саласында 25 жылдық тәжірбиесі бар түркиялық «Орхун Медикал» ЖШС-мен құны 4,1 млрд теңгені құрайтын онкологиялық орталыққа соңғы үлгідегі (ПЭТ) заманауи позитронды-эмиссионды томография, циклотрон қондырғысын орнату және емхана салу бойынша меморандум жасалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Медицина, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT