+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шымкентте алдағы екі айда 104 жаңа аялдама пайда болады

2017 жылғы 16 ақпан 13:10
Бөлісіңіз:
Шымкентте алдағы екі айда 104 жаңа аялдама пайда болады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алдағы екі айда жаңадан 104 аялдама салынады.

Себебі, шырайлы шаһарға Сайрам ауданынан қосылған елдімекендерде аялдамалар тапшылығы сезіледі. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кезекті жиында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сондай-ақ қаладағы ескі аялдамаларды абаттандыру жұмыстары қолға алынатын болады. Шаһар басшысының сөзінше, облыс орталығындағы аялдамалардың басым дені жекенің қолына өтіп кеткен. 2006-шы жылдары аялдамалардың біраз бөлігін меншіктеп алған азаматтар бүгінде сауда дүңгіршектерін ашып алған. Бір отбасының табыс көзіне айналған бұл орындарды ретке келтірмесе қала басшылығы оны мемлекетке қайтарып алмақ. Аялдамаларды жаңарту үшін атқарушы билік өкілдері меншік иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс та жасаған. Алайда олардың көпшілігі қоғамдық орындарды ретке келтіруге құлықсыздық танытуда екен.

«Біздің сәулет-құрылыс бөлімі берген дизайнға қарап,аялдамаларыңызды ауыстырыңыздар деп, аялдама қожайындарына ортақ талап қойған болатынбыз. Сол кезде ғана ол аялдамаларды бұзбаймыз, келісімшарт біткенше жұмыс істей алады»,-деді Ғ.Әбдірахымов.

Сондықтан әкімдік сот арқылы аялдамаларды мемлекетке қайтарып, абаттандыру жұмыстарын өзі жүргізбек. Өйткені, шаһардың Бас жоспары өзгерген соң бұл мәселе бір жүйеге келтіруді талап етеді. Қоғамдық көлік кептелістерінің көпшілігі осы себептен орын алуда. Өз кезегінде жергілікті биліктің бұл бастамасын депутаттар да қолдап отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT