+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Шымкентте алдағы бес жылда 85 мектеп салынбақ

2020 жылғы 4 желтоқсан 13:43
Бөлісіңіз:
Шымкентте алдағы бес жылда 85 мектеп салынбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте алдағы бес жылда 85 мектеп салынбақ. Бұл жайлы қала әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент білім беру саласына басымдық берді. Қазір қалада 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша адағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленген. Осының есебінен ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі.

«Қашықтықтан оқуды ұйымдастыру мақсатында бүгінге дейін 47 330 компьютер алынды. Осының нәтижесінде жыл басында 28 оқушыға бір компьютерден айналса, қазір 4 оқушыға бір компьютер келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мұғалімдер мен тәрбишілердің еңбекақысы 25 пайызға көтерілді. Келесі жылы тағы 25 пайызға көбейеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT