Шымкентте алаяқ несиені пайызсыз рәсімдеймін деп 15 адамды алдап кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алаяқ  несиені пайызсыз рәсімдеймін деп клиенттерді  алдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне оншақты тұрғын арызданып, шағын несие орталығының қызметкері алдап кеткенін көрсеткен. Айтуларынша, бұрын сонда істеген маман несие алуға көмектесемін деп, ақшаларын алып қашып кетіпті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер  32 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алматы қаласының тумасы шағын несие беру орталығында жұмыс істеп жүріп, клиенттерге 16 мыңнан 100 мыңға дейінгі сомада несие шығарып отырған. Кейін тұтынушыларға несиені пайызсыз рәсімдеуге ұсыныс білдіріп, қаражаттарды өз атына ашқан есепшотына аудартқан. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің жәбірленушілерге  шамамен жарты миллиондай шығын келтіргенін анықтап отыр.

 Қазіргі таңда күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің  190 «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар