+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Шымкентте Әл-Фараби мен Абайға ескерткіштер орнатылады

2019 жылғы 13 желтоқсан 12:41
Бөлісіңіз:
Шымкентте Әл-Фараби мен Абайға ескерткіштер орнатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Әбу Насыр әл-Фараби мен Абайға ескерткіштер орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар басталды Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілді Әл-Фарабидің 1150 жылдығы Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында кеңінен атап өтіледі

Бүгін қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен өткен жиында орнатылатын ескерткіштерге қатысты мәселелер талқыланды,.

Ашық конкурс негізінде Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішіне 12 жоба бойынша 7 үміткер және Абай ескерткішіне 14 жоба бойынша 7 үміткер қатысты. Үздіктерді анықтау үшін құрылған арнайы комиссия мүшелігіне Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, басқарма басшылары және елімізге танымал сәулетшілер мен суретшілер енді.

Жиынға қала әкімі Ұлы тұлғалардың ескерткішін орнату бойынша үздік жобаларды анықтау оңайға соқпайтынын атап өтті.

«Келер жыл еліміз үшін ерекше рухани оқиғалар кезеңіне айналғалы отыр. Дала данышпаны атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және ұлтымыздың ұлы ойшылы, ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өту жауапкершілігі тұр. Сондықтан бұл мерейтойлар бәріміз үшін үлкен сын, тарихи жауапкершілік деп білемін. Біз әр қатысушының эскиздік жобасына ықыласпен, зейінмен қарауымыз тиіс. Себебі, қаламыздың қасбеті мен шырайын ашатын ескерткіш орнату негізгі мақсатымыз болып табылады», - деді Ерлан Айтаханов.

Үш сағатқа созылған жиын қортындысымен Әл-Фараби ескерткішінің эскиздік жобасы бойынша 1-орынды Ерғали Мұстафаев, 2-орынды Бәймен Батухан, 3-орынды Өмірзақ Шанов иеленді. Ал, Абай ескерткішінің эскиздік жобасы бойынша 1-орынды Әбдікәрім Ахметов, 2-орынды Құттыбек Жақып, 3-орынды Ерғали Мұстафаев алды. Жүлдегерлер қала әкімінің арнайы дипломымен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, байқаудың екінші кезең қорытындысы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT