Шымкентте Әл-Фараби ауданының әкімі тұрғындарға есеп берді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша аудан тұрғындары алдында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есептік кездесу «Сәуле» шағынауданында орналасқан №129 жалпы орта мектебінде өтіп, оған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов қатысты.

2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған Ғабит Мәуленқұлов өз баяндамасында халықпен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар, білім және денсаулық саласы, ауданға тартылған инвестициялар көлемі, көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу, жарықтандыру мен инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

Жүздесуге «Сәуле», «Откорм», «195 орам», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарының тұрғындары өзекті мәселелерді де көтеріп, олар бойынша тиісті жауаптар алды. Жиналған халық әкімнің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

Сондай-ақ жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы мен қалалық коммуналдық қызмет мекемелерінің өкілдері, тиісті салалардың басқарма басшылары және БАҚ қатысты.



Соңғы жаңалықтар