Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Мәртебелі поэзия мінберінің» төрінде «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚРЕңбек сіңірген қайраткерінің шығармашылығы насихатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешке жиналғандар алдымен «Отырар» кітапханасының екінші қабатындағы қаламгердің шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады. Ақынның «Жібек» атты кітабын өзбек тіліне аударған Сағатай Камалқызы мен Зокиржан Моминжанов, Абдугаппар Абдурауовтар сөз алып, кеш иесіне құттықтау лебізін білдірді. Ал, ақын Анар Жаппарқұлова Ханбибі Есенқарақызына арнау өлеңін оқып, астарлы жыр жолдарын төкті.

Кеш барысында ОҚМПУ студенттері ақынның жырларынан әдеби композиция оқыды. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері ақынның сөзіне жазылып, халық арасында кеңінен танылып кеткен «Нүрикамал», «Алтынай» сияқты әндерді орындады. Ал, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева кеш иесінің «Дос іздедім» деген өлеңіне ән жазған екен, соны орындап берді. Ақын Ханбибі Есенқарақызының өзі Абайдан теріп алған өлеңдерімен қатар «1997 жыл. Қыс» сияқты өлеңдерін оқыды. Абайды поэзияның пайғамбарына теңеді. Сонымен бірге «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы керек» дегендей пәлсапалы ойларын да жеткізді.



Соңғы жаңалықтар