Шымкентте «ақылды» тұрақ жобасы кері қайтарылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент көшелерінде «ақылды» көлік тұрақтарын орнату бойынша жоба қайта жетілдіру үшін кері қайтарылды, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Интеллектуалды жүйе қаланың көлік қозғалысы жоғары көшелерінде пилоттық режимде қолданылған. «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының хабарлауынша, жоба тұрғындар арасында наразылық туғызып, күткен нәтиже бермеген. Сол себепті жобаны қайта қарау шешімі қабылданған. Жобаны қолданысқа қайтадан енгізу мерзімі нақты айтылмағанымен, түпкілікті бас тартуға негіз жоқ дейді мамандар.

Айта кеткен жөн, мегаполисте бірыңғай тұрақ жүйесін енгізу мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде қолға алынған.

«Қалада көлік тұрағы мәселесі өзекті болып тұр. Шымкентте заңыз тұрақтар көп. Бұл келеңсіздіктермен күресу әзірге нәтиже бермей отыр», - дейді «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Әбілсейіт Рабаев.

Енді «ақылды» тұрақ жобасын қайта қарастыру кезінде тұрғындардың да пікірі ескерілмек.

Соңғы жаңалықтар