+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

2020 жылғы 28 мамыр 12:10
Бөлісіңіз:
Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин кезінде жемқорлықпен күрес қызметіне жүгінушілер саны 2 есе артқан Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде ардагерлер кеңесі құрылды IMD рейтингі: Кәсіпкерлер екінші жыл қатарынан елімізде жемқорлықтың азайғанын растап отыр

«Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген «Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады « , - деді ол агенттіктің онлайн-брифингі барысында.

Атап өтілгендей, ол 2019 жылдың маусым айында мердігер және басқа тұлғалар тобымен әрекет етіп, нақты орындалмаған жұмыстар үшін актіге қол қойды, солайша, департамент ғимаратын ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджеттің 7 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді Данияр Биғайдаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT