Шымкентте «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрме ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте елорданың 20 жылдығына орай Астана қаласының Қазақстан өңірлеріндегі күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрмесі ашылды. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада көпшілік назарына Тәуелсіздік сарайы қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмысы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеде 50-ден астам суретшілердің түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын әр түрлі кезеңдердегі топтастыру уақыты көрсетілген. Ерте жасалған жұмыстарда еркіндік пен ұмтылыстың ашықтығы берілсе, заманауи жұмыстарда - өзінің тәуелсіздігінен тынығу мен ләззат алатындықтары көрінеді. Көрмеге қойылған суретшілердің бір бөлігі, қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті, оның дәстүрлер сабақтастығын сақтап, өз жұмыстарында бейнелейді. Ал басқа бөлігі абстракция және модерн тұрғысынан өз ойларын білдірген. Олар айналамыздағы әлемнің ұлттық философиялық және психологиялық көзқарасын көрсетеді. Өзгелері  керісінше, әлемдік өнердегі жаңа сөзді айтуға ұмтылады.

nullКөрмеде көрсетілген шеберлердің әрбір буыны өздерінің қайталанбас ерекшелілігін бейнелеген. Қазақстанда қазіргі заманауи бейнелеу өнері, тәуелсіздік жылдарындағы өз дамуының жаңа кезеңінде жалғасын тауып, ұрпақ пен болашақ арасындағы үздіксіз үндестікті көрсететін, зор шығармашылықтың белсенділігін айқындайды.

nullАйта кетейік, «Ақ тілекпен, Астана!» шығармашылық жобасы 3 күнге жалғасады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында өтеді. Ендігі кезекте аталған өнер иелерінің туындыларын қызылордалықтар тамашалай алады. Ал 24 қыркүйекте Алматы қаласында қорытынды галаконцерт өтеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар