Шымкентте ағзасынан сынап табылған нәрестенің қазіргі жағдайы қалай

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ағзасынан көп мөлшерде сынап табылған нәрестенің қазіргі жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлжанат Наурызованың сөзінше, сәбидің асқазан ішек жолдарынан бөгде заттардың эвакуациясы байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде баланың құсуы тоқтаған. Дене қызуы төмендеді. Бүгінгі динамикадағы іштің рентген суретінде асқазан ішек-жолындағы бөгде заттардың эвакуациясы байқалады. Олар нәжісімен сыртқа шығып жатыр. Қажетті емін алуда. Жағдайы да, көңіл күйі де жақсы»,- дейді  пульмонология  бөлімінің  меңгерушісі Гүлжанат Наурызова.

Еске салайық, Шымкентте жедел-жәрдеммен ауруханаға түскен екі айлық нәрестенің жағдайы нашарлап, тоқтаусыз құса берген болатын. Дәрігерлерге анасы баланың жөргегін ауыстырған кезде нәжіс арасынан сынаптар домаланып шыққанын  көргенін айтқан. Нәрестені тамақтандыратын құрғақ қоспадан да сұйық металл бөлшектері табылған.
null

Ал, күні кеше ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Германияда шығарылған қоспаның құрамын талдауға зертханаға жібергенін жария етті. Сондай-ақ, сауда орталықтары мен дәріханаларда «Humana» балалар тағамы қоспасын сараптамаға алып, қазіргі таңда оларды сату мен таратуды тоқтатқанын атап өтті.

«3-4 күн ішінде нәтижесі шыққан соң нақты шаралар қолға алынады» деген болатын бас санитар дәрігер.

 

Соңғы жаңалықтар