Шымкентте Әділет департаменті қызметкерлері борышкерлердің шетелге заңсыз шығуына жол берген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттің Әділет департаменті қызметкерлері жалған мәліметтер жасап, борышкерлердің шетелдерге шығуына жол берген. Мұндай заңбұзушылық әрекеттер прокурорлар жүргізген тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, Әділет департаменті заңды тұлғаларды мемлекеттік деректер қорына енгізу барысында жалған мәліметтерді енгізіп, нотариаттық қызмет бойынша келісімшарттарды заңсыз куәландырған. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімдерін бұзып келген.
«Тексеріс барысында «Корпорация Шым KZ», «Шым Сити», «Южная корпорация 2020» ЖШС-лары соттың шешімінсіз, департаменттің қызметкерлері арқылы таратылғаны анықталды. Өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заңды тұлғалардың («Корпорация Шым KZ» - 1,4 млрд теңге, «Шым Сити» ЖШС - 1,3 млрд теңге, «Южная корпорация 2020» ЖСШ - 2,7 млрд теңге) мемлекетке 5,4 млрд теңгеден астам шығын келтіргені туралы қорытынды жасаған. Осылайша, департамент қызметкері мәжбүрлі түрде тарату туралы №11 және №12 және №13 бұйрықтары басқа заңды тұлғаларға қатысты болатындығын біле тұра деректер қорына жалған ақпарат енгізген», делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, дерекқорда аталған өзгерістерді Әділет департамент қызметкерінің жасағанын және ол қызметкердің 2012 жылы желтоқсанда ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 2-тармағы «Ұрлық» бойынша жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Яғни, бұл қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамастан департаментте жұмыс істеп келген.
Қазіргі таңда бұл дерек Әл-Фараби ауданы прокуратурасында тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша Әл-Фараби аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге жолданды.
- QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
- Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды
- Алаяқ әйел 4 өңір тұрғындарын алдап соққан
- Елордада есірткі сатушылар ұсталды
-
Бір күнде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды - СҚО
-
Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға алданып, 1 млн теңгесінен айырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам