Шымкентте адасып қалған бүлдіршінді әскери жасақ сарбаздары тауып алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте  Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің сарбаздары қалада адасып қалған бүлдіршіннің ата-анасымен табысуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасақ сарбаздары тамыздың 29-ы күні кешқұрым адасып қалған 5-6 жас шамасындағы бүлдіршінді тауып алған. Кішкентай қыз  ата-анасымен туыстарының үйіне қонаққа келгенін, кейіннен далаға ойнауға шыққанда келген үйінен адасып қалғанын айтыпты. Содан қайда барарын білмей, дағдарып тұрған беті осы екен.

 «Құрамында әскери жасақ бастығы ефрейтор Б. Рыспай және қатардағы жауынгерлер Р.Жүсіп пен Ж.Синицындер бүлдіршіннен жөнін сұрай келе, оның адасып қалғанын біледі. Олар  тәртіп бойынша тиісті орындарға хабар береді.  Кішкентай қыз табылған жерге кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор лейтенант М.Ташай да келеді. Соңынан ішкі істер органдарының қызметкерлері бүлдіршіннің ата-анасын тауып,  аман-есен табыс етті», делінген хабарламада.

 Осылайша кішкентай бүлдіршін әскери жасақтың көмегінің арқасында ата-анасымен табысқан. 

Соңғы жаңалықтар