Шымкентте 9 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген азамат ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 9 жасар қызды зорлап кеткен күдікті ақыры ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІМ мен Шымкент қалалық ПД қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 5 қаңтар күні кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорлады деген күдікті ұсталды. Сезікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Шымкент қаласы Полиция департаменті жедел-тергеу тобы қызметкерлері кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде қылмыстың ізін суытпай хронологиясын құрып, кінәлі адамның ізіне түскен. Ұсталған азаматтың қылмысқа қатыстылығы куәлер мен жәбірленушінің өзі берген түсініктерімен расталады. Істі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды» делінген Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте иесіз үйлердің бірінде 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен болатын. Аталған қылмыс жасөспірім қыздың жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан сәтінде болған. Артынша қылмыскерді ұстауға полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар атсалысқан еді. Кейіннен полицейлер сезіктінің тұлғасын анықтау мен іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар