Шымкентте 9 жасар қызды зорлады деген күдікті іздестіріліп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері 9 жасар қызды зорлады деген күдіктінің іздестіріліп жатқанын хабарлады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметі қылмыстық істің Шымкент қалалық полиция департаменті мен прокуратураның бақылауында тұрғанын жеткізді.

«5 қаңтарда Шымкент қалалық полиция департаментіне «К» есімді азаматша оның жасөспірім қызын белгісіз біреудің зорлағанын айтып, арызданған. Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстың белгілері бойынша (көрінеу жас баланы зорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыскерді ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жұртшылыққа кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтары бұзылмайтын, рұқсат етілетін көлемде жеткізіледі» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте иесіз үйлердің бірінде 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен болатын. Аталған қылмыс жасөспірім қыздың жаттығудан үйіне қайтып келе жатқан сәтінде болған. Артынша қылмыскерді ұстауға полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар да кіріскені жария етілген еді. Десе де, күдікті әлі күнге табылмай жатыр.

Соңғы жаңалықтар